Елордада коттедж тонауды кәсіп еткендер қолға түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында коттедждерге ұрлыққа түсуді кәсіп еткен екі азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада коттедж тонауды кәсіп еткендер қолға түсті

Ұсталғандар Түркістан мен Солтүстік Қазақстан облысының тумалары болып шықты. Олар бұрын да істі болған.

Тергеп-тексеру барысында күдіктілердің негізінен қала шетіндегі коттедждерге ұрлыққа түсіп жүргендері анықталды. Олар күндізгі уақытта-ақ үйлердің пластикалық терезелерін бұзып кіріп, іштегі ақша, зергерлік бұымдар мен қымбат тондарды қолды етіп келгендері белгілі болды. Қазіргі таңда ұсталғандардың осы тектес 4 ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.

Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

«Аталған тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне 8 (7172) 71-60-69; 71-60-28 немесе «102» телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз»,-делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.