Елордада қой саны 40 пайызға өсті, Алматыда керісінше азайған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қой саны - 25,9 млн. 2022 жылдың қаңтар-мамыр аралығымен салыстырғанда мал басы 4,1% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
None

Қойдың көбі Түркістан облысында – 5,9 млн бас.

Одан кейін тізім басында Жамбыл және Алматы облыстары: 3,9 млн және 3,2 млн бас.

Қой саны әсіресе елордада қатты өскен – 39,4%-ға. Алматыда керісінше қой басы 21,6% азайған.

Айта кетейік, қойдың 48% халықтың жекежайында, тағы 47%-ы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының, қалған 5% - шаруашылық кәсіпорындардың қолында.

Сонымен қатар биылғы 5 айда ешкі саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,7%-ға артып, 3,2 млн бас болды.


Соңғы жаңалықтар