Елордада қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада 16-18 маусым аралығында қоян-қолтық ұрыстан VII әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтеді
Фото: gov.kz

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін жарысты «Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы» ұйымдастырады.

Әлем чемпионатына 28 елден (Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Гана, Германия, Үндістан, Иордания, Иран, Қырғызстан, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Венесуэла, Қытай, Колумбия, Италия, Испания, Перу, АҚШ, Сенегал, Тайланд, Чехия, Польша, Молдова, Моңғолия, Қазақстан) 300-ге жуық спортшы қатысады.

Чемпионат «Жекпе-жек» (8 ерлер, 6 әйелдер және 2 абсолютті салмақ категориялары) және «Өзін-өзі қорғау» (11 ерлер, 5 әйелдер салмақ категориялары) түрлері бойынша өтеді.

Чемпионат бағдарламасы:

16 маусым, «Өзін-өзі қорғау» (қатысушылар қарусыз және қарулы шабуылдан өзін-өзі қорғау тәсілдерін көрсетеді).

10.00-13.00 алдын ала кездесу.

14.00-19.00 жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектер. Марапаттау.

17 маусым, «Жекпе-жек»:

10.00-13.00 алдын ала кездесу.

14.00-19.00 жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектер.

18 маусым, сағ. 17.00-20.00:

Әлем чемпионатының ашылуы. Финалдық жекпе-жектер. Марапаттау.

Чемпионаттың соңғы күні әлемнің ең мықты спортшылары арасындағы бәсеке арасындағы үзілістерде жанкүйерлер назарына отандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен болатын концерттік бағдарлама ұсынылады