Елордада ҚР ІІМ Ішкі әскерінің Орталық оркестрі мен Ән және би ансамблінің гала-концерті өтеді

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - 10 қаңтар күні елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында ҚР ІІМ Ішкі әскерінің Орталық оркестрі мен Ән және би ансамблінің гала-концерті өтеді. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Ішкі әскерінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Елордада ҚР ІІМ Ішкі әскерінің Орталық оркестрі мен Ән және би ансамблінің гала-концерті өтеді

Ведомствоның атап өтуінше, аталған гала-концерт Ішкі әскердің құрылған күні мен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналмақ.

Мәдени іс-шара бағдарламасына сәйкес концерт барысында әскери, заманауи эстрадалық әндер шырқалып, әлем халықтарының билері орындалмақ. Сондай-ақ Бейбітшілік пен келісім сарайында Ішкі әскердің қызметтік-жауынгерлік қызметінен сыр шертетін фотокөрме де ұйымдастырылады.