Елордада ҚР Машина жасаушы жұмысшылар кәсіподағы Орталық комитетінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті
СТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Машина жасаушы жұмысшылар кәсіподағы Орталық комитетінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті,
деп хабарлады аталған ұйымның баспасөз қызметінен.
Жиынға машина жасаушы жұмысшылар кәсіподағының YII съезіне қатысушы делегаттар, Индустрия және жаңа технологиялар, Қорғаныс министрліктерінің, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның өкілдері қатысты.
Кездесу барысында кәсіпорындардағы мемлекеттік тапсырыстың көптігі, оларды жаңарту, сондай-ақ кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелері көтерілді. Жоғарыда аталған министрліктердің өкілдері экономиканы индустриялизациялау мемлекеттік бағдарламасы бойынша қабылданған шаралар және шығарылатын өнімдердегі қазақстандық қамтудың ерекше рөлі туралы баяндады.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ вице-президенті Б.Башеев пен Стратегия, корпоративтік басқару және бақылау департаментінің директоры Е.Сахарова осы міндеттерді шешудегі компанияның стратегиясын баяндап, туындыған мәселелерді оң шешу үшін бастамаларды келісуді және үйлестіруді ұсынды.