Елордада ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына 3 кандидат тіркеуден өтті

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордада ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына 3 кандидат тіркелді. Бұл туралы бүгін қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қаршыға Құлмұқанов мәлім етті.

Елордада ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына 3 кандидат тіркеуден өтті

«2011 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Астана қаласы бойынша Сенат депутаттығына 7 кандидат ұсынылды. 1 кандидатты қалалық мәслихат сессиясы, ал 6 кандидат өзін-өзі ұсынды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ұсынылған кандидаттардың үшеуі, атап айтқанда Владимир Редкокашин, Сәрсенбай Мыңбаев және Андрей Лапенко тіркеуден өткен.