Елордада ҚР Президенті Кубогы үшін АТР Челленджер сериясы бойынша теннистен халықаралық турнирдің финалы өтуде
АНА. Қарашаның 7-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президентінің Кубогы үшін АТР Челленджер сериясы бойынша теннистен халықаралық турнирдің финалы Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Финалдық матчта еліміздің бірінші ракеткасы Андрей Голубев пен украиналық теннисші Илья Марченко кездеседі.
Жартылай финалдық ойындарда Голубев ресейлік Константин Кравчукпен кездесті. Жерлесіміз одан басым түсті - 4:6, 6:3, 6:3.
Өз кезегінде Илья Марченко неміс Бьорн Фауды 6:3,6:4 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
ҚР Президенті Кубогы үшін АТР Челленджер сериясы турнирінің негізгі ойындарына Сырым Әбдіхалықов, Юрий Щукин, Данил Браун, Алексей Кедрюк, Михаил Кукушкин, Алексей Нестеров және Андрей Голубев қатысты.
Голубев пен Кукушкин турнирдің екінші раундына еш қиындықсыз өтті. Голубев екі сеттің бірінші раундында 6:2, 6:1 есебімен ресейлік Валерий Радневтен басым түсті. Кукушкин канадалық Пьера-Людович Дакласты 6:4,6:3 есебімен жеңіп, сағын сындырды.
Қазақстандықтар - С. Әбдіхалықов, Ю.Щукин, Д.Браун, А.Кедрюк, А.Нестеровтар бірінші раундта есе жіберді. Әбдіхалықов Нидерландыдан келген Раемон Слуйтерден ұтылып қалды (6:4,6:0). Браун неміс Бьорн Фауннан екі сетте 6:1, 6:2 есебімен ұтылды. Нестеров румын П.Лунканға тойтарыс бере алмады (6:0,6:3).