Елордада ҚР Президенті жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» мерейтойлық турнирі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 4 шілде күні елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде Ұлт көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» V республикалық турнирінің финалдық кезеңі өтеді.

Елордада ҚР Президенті жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» мерейтойлық турнирі өтеді

Биыл бесінші рет ұйымдастырылатын «Қазақстан Барысы» турниріне еліміздің әр аймағынан іріктелген 32 балуан мен былтырғы жылғы жарыстың жеңімпазы Мұхит Тұрсынов жолдама алып отыр. «Қазақстан Барысы» V республикалық турнирінің жүлде қоры 225 000 АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде 35 мың АҚШ доллары спортшылардың жаттықтырушыларына тағайындалған. Жүлде қоры төмендегідей: 1-орын - 150 мың АҚШ доллары; 2-орын - 30 мың АҚШ доллары; 3-орын - 10 мың АҚШ доллары. Доданың бас демеушісі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылады.