Елордада ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай бірқатар спорттық іс-шаралар өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, 27 қараша мен 3 желтоқсан аралығында бірқатар спорттық іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің медиа орталығына сілтеме жасап.
27 қарашада «Сарыарқа» велотрегінде 2019 жылы болатын әлем чемпионатына «Қазақстан-Ирак» арасында баскетболдан біліктілік турнирі өтеді.
27-29 қарашада «Дәулет» СК мерекенің құрметіне ҚР Жоғары бас қолбасшысының кубогына арналған ерлер арасындағы қоян-қолтық ұрыс бойынша ІІІ республикалық ашық турнир өтеді.
27-30 қарашада «Толқын» СК 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан Астана қалалық біріншілігі өтеді.
1 желтоқсанда шаңғы роллер тас жолында барлық шаңғышылар жарысқа жиналады.
1-3 желтоқсанда «Дәулет» СК теннистен ҚР чемпионатының VI ашық чемпионаты өтеді.
2-3 желтоқсанда - «Дәулет» спорткомбинатының жүлдесі бойынша теннистен балалар турнирі өтеді.
3 желтоқсанда «Барыс арена» мұз сарайында 2017-2018 «Барыс - Металлург Мг» КХЛ чемпионатының маусымы.