Елордада ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мәдени шаралар ұйымдастырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өту аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін кең ауқымды шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды astana.kz.
Үш күн бойы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында бірнеше концерт өтеді. Атап айтқанда, «Операға сүйіспеншілікпен», «Вокалдық дивертисмент», Моцарттың «Реквиемі». 25 қараша - 3 желтоқсан аралығында «Алжир» мұражайында «Түркі әлемінің бірегей тұлғасы» тақырыбында бейнепанорамалық көрме өтеді. Классикалық музыканы ұнататандар 29 қарашада Қазақ ҰӨУ орган залында өтетін Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік филармониясы симфониялық оркестрінің концертін тамашалайды.
1 желтоқсанда «Құлансаз» фольклорлық этнографиялық ансамблінің қатысуымен «Қазағымның қанаты» концерті ұйымдастырылады. Ал «Астана Опера» театрының алдындағы алаңда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай еліміздің Бас шыршасын жағылады. Сонымен қатар, Астанада шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттер, этникалық музыка фестивальдары өтеді.