Елордада ҚР ТЖМ бөлімшелерінің қызметкерлері арасында спорттық жарыстар басталды

СТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Елордада ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің қызметкерлері арасында спорттық жарыстардың ашылу рәсімі өтті.
None
None

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған спорттық шараны ашқан ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко жарысқа қатысушыларды құттықтай келе, оларға жеңіс тіледі.

«Мұндай залда, алаңда әрі мынадай тамаша жолмен жүгірудің өзі ғанибет. Спорттық жарыста бәрі де бірдей. Сондықтан нағыз мықтылар жеңіске жетсін», деді ол өз сөзінде.

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан спорттық шара үш күнге созылады.

Осы аралықта 10-ға жуық команда футбол, волейбол және теннис бойынша жарыс көрігін қыздыра түспек.

Соңғы жаңалықтар