14:42, 24 Тамыз 2020 | GMT +5
Елордада құбыр жарылып, Пушкин көшесін су басты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада суық су құбыры жарылып, Пушкин көшесін су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Астана су арнасы» мекемесінің мәліметінше, бүгін сағат 12-30-да «ҚазГерҚұрылыс» ЖШС мердігер компаниясы жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында диаметрі 900 мм-лік шойын құбырды зақымдаған. Қазіргі уақытта аталған аумақта тұратын тұрғындарды басқа құбырға қосу және зақымданған құбырды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Су жеткізу ұйымдастырылды. Су таситын көліктің қай жерде тұрғанын 76-76-76 нөмірі арқылы анықтауға болады. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - деді баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта Еуразия ұлттық университеті мен Отырар кітапханасы аралығындағы жолдың үстін су басқан. Адамдар жолдан арлы-берлі аяқ киімдерін шешіп тастап өтуге мәжбүр.