Елордада күн күрт суытып, үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ауа-райының күрт салқындауына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.
None
None

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің деректері бойынша 3 мамырда күндіз найзағай болуы мүмкін екендігін хабарлайды. Оңтүстік батыстан тұрған жел, солтүстік батысқа ауысады, күндіз жел екпіні 15-18 м/с.

4 мамыр күні түнде жаңбыр (жаңбыр, қар) жауады, солтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетеді.

4-5 мамырда түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.


Соңғы жаңалықтар