Елордада күн райы құбылмалы болады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. 

лавочка, лето, погода, жаз, ауа райы
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +35...+37°C болады.