15:24, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Елордада күн салқындауы ықтимал
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ертеңнен бастап Астанада күн салқындауы ықтимал.

Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Синоптиктердің мәліметтері бойынша, бүгін Астанада ауа температурасы 0 градус шамасында сақталады. 5 желтоқсанға қараған түнде термометр бағаны 5-10 градус суықты көрсетеді.
Алдын ала жасалған болжамдар бойынша одан әрі (5-нен 7 желтоқсанға дейін) ауа температурасы күндіз 3-8 градус шамасында салқындап, түнде 10 - 15 градус суыққа дейін жетеді. Солтүстік батыстан 9-14 м/с жел соғуы мүмкін.