Елордада күн сайын 200-ге дейін науқас коронавируспен ауруханаға түсуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Елордада күн сайын 200-ге дейін науқас коронавируспен аурухана жатқызылуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада күн сайын 200-ге дейін науқас коронавируспен ауруханаға түсуде

«Қабылданған іс-шаралардың барлығы коронавирустық инфекциямен ауыратындардың саны күн сайын артып келе жатқанын көрсетеді. Біз төсек-орын санын көбейтуге және адами ресурстарды ұлғайтуға мәжбүрміз. Жұқпалы аурулар ауруханаларына тәулігіне 150-200 адам жатқызыла бастады», - деді ол.

Басқарма басшысының атап өтуінше, 2001 инфекциялық төсек-орынның 598-і ғана бос. Оның ішінде 36 реанимациялық төсек-орын бар.

«Жансақтау бөлімінде дәл қазір 111 науқас, КВИ-мен 100 адам жатыр. Ауыр жағдайда 57 науқас, өте ауыр халде 43 науқас бар. Ал 20-сы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деді Тимур Мұратов.