Елордада Құрбан айт күндері мал сатып алатын және соятын 6 орын белгіленді
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Биыл 15-17 қазанда атап өтілетін Құрбан айт мерекесі күндері санитарлық талаптарды сақтау мақсатында Астана қаласының әкімдігі мал сатып алатын және құрбандық шалынатын арнайы орындарды белгіледі, деп хабарлады astana.kz сайты.
Елорда аудандарының әкімдіктері қала аумағын тексеріп шығып, мал соятын (құрбандық шалатын) негізгі орындар ретінде «Алтын Таға» базарын (Қосшы кентінің аумағы) бекітті. Бұдан басқа, келесі орындар белгіленді:
Мал соятын пункттер:
- «Пищекомбинат-Астаналық плюс» ЖШС, Дулатов к-сі, 191;
- «Нұрбереке 555» ЖШС, Алаш тас жолы, 30 (Көк базар);
- «Шаушен» шаруа қожалығы, «Астана-Софиевка» тас жолы 9-шақырым
- «Мақсат 2007» ЖШС, Железнодорожный кенті, Ақжар к-сі, 20;
Мал соятын алаңдар:
- «Темеш» шаруа қожалығы, «Астана-Софиевка» тас жолы, 7-шақырым.
Астана қаласы әкімі аппаратының Өмірді қамту және инфрақұрылымды дамыту бөлімінен astana.kz сайтына хабарлағандай, базарларда мал соятын кісілер іріктеліп алынды, оларға тиісті киім-кешектер берілді. Бұдан басқа, жергілікті жерлерде ыстық тағамдар әзірленіп, су ішетін диспенсерлер, биодәретханалар мен контейнерлер қойылады.