Елордада Құрбан айт мерекесінде мал соятын орындар белгіленді

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - 15 қазанда Құрбан айт мерекесі қарсаңында қалалық әкімдікте абаттандыру жөніндегі штаб отырысында іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленіп, ветеринарлық және санитарлық қызметтермен нақтыланып, келісілуде.
None
None

«Қазіргі уақытта аудандардың әкімдіктері тексерулер жүргізіп, құрбандық шалатын негізгі орын ретінде «Алтын Таға» базары (Қосшы кенті) белгіленді», - делінген Астана қаласы әкімдігінің Қала өмірі тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің хабарламасында.
Бұдан басқа, мал соятын пункттер анықталды. Олар:

- «Пищекомбинат-Астаналық плюс» ЖШС, Дулатов к-сі, 191;

- «Нұрбереке 555» ЖШС, Алаш тас жолы, 30 (Көк базар);

- «Шаушен» ШҚ, «Астана-Софиевка» тас жолының 9 км;

- «Мақсат 2007» ЖШС, Железнодорожный кенті, Ақжар к-сі, 20;

Мал соятын алаң «Темеш» ШҚ, «Астана-Софиевка» тас жолының 7 км орналасқан.

Қазіргі уақытта тәжірибелі мал соятын жұмыскерлер қабылданып, тиісті киімдер дайындалуда. Бұдан басқа, алаңдарда ыстық тамақ әзірленіп, ішетін су диспенсерлері, биодәретханалар, контейнерлер орнатылып жатыр.

«ҚР ДМ Мемлекеттік санэпидемқадағалау комитеті департаментінің, Ауыл шаруашылығы басқармасының, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының, Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандары әкімдерінің аппараттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ, Сарыарқа ауданы ІІБ полицияның тірек пункттерінің инспекторлары заңсыз құрбандық шалу оқиғаларын болдырмау және аудандардың территорияларында абаттандыру ережелерін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды»,- делінген ақпаратта.

Айта кетейік, сатуға арналған малдарды жеке аулаларда бақылаусыз сою Жануарларды союды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына қайшы келеді. Соның салдарынан халықтан көптеген арыздар келіп түседі. Малдың қалдықтарын тастаған жерге қаңғыған иттер, құстар мен жануарлар, кеміргіштер жиналады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тұрмысы төмен отбасылардың тізімін әзірлеп, қалалық Дін істері басқармасына және «Нұр Астана» мешітіне, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалына жолдады.

Өз кезегінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қажетті қоғамдық көліктермен қамтамасыз етеді және мерекелік іс-шаралар өтетін орындарға жету жолдарын анықтайды.

Соңғы жаңалықтар