Елордада құрылыс алаңынан 2 млн теңгенің материалдары ұрланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздеу шаралары кезінде қылмыс жасағаны үшін сотталған үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада құрылыс алаңынан 2 млн теңгенің материалдары ұрланды

Тергеу барысында күдікті азаматтардың құрылыс нысанындағы ғимараттың құлпын бұзып кіріп, ішінде жатқан жалпы сомасы 2 млн теңгеге жуық құрылыс материалдары мен қымбат тұратын құралдарды ұрлап әкеткені анықталды.

Ұсталған тұлғалар уақытша тергеу абақтысына қамалды. Ұрлық фактісі бойынша айғақ заттар алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған тұлғалардың заңға қайшы әрекетінен зардап шеккен азаматтар Бейбітшілік, 19 мекенжайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласа алады: 8 (7172) 71-60-69