Елордада құрылыс алаңында кран құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада қатты желден құрылыс алаңында жұмыс істемей тұрған кран құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Елордада құрылыс алаңында кран құлады
Видеодан алынған кадр

«2023 жылғы 18 маусымда, шамамен сағат 19:50-де, «GREENLINE. ASYL mura» тұрғын үй кешені құрылысы алаңында (мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Е10, Е51,Е305 (жобалық атаулары) Қ. Мұхамедханов көшесінің қиылысы) қолайсыз ауа-райынан, атап айтқанда күшті желдің салдарынан жұмыс істемейтін КБ – 401 краны қасында тұрған кранға құлады. Крандар INVEST City ЖШС-ға тиесілі», - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің инспекторы жұмыс істейді», - дейді ведомстводан.