13:28, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Елордада құрылыс жұмыстары кезінде екі жұмысшы жарақат алды
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Елордада құрылыс жұмыстары кезінде екі жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дүйсенбі күні Астанада Бөгенбай даңғылында салынып жатқан көпірде, құрастыру жұмыстары кезінде бір жұмысшы көпірден құлап, жарақатпен ауруханаға түсті.
Кеше сондай-ақ, «Эгалите» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстары кезінде ауыр қалып басып қалған арматурашы ауруханаға түсті.