Елордада құтқару тыныс аппараттарын шығаратын зауыт ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Akbarys Protection» эвакуациялық құтқару қалқандарын шығарушы жаңа зауыттың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды әкімдік сайты.

Елордада құтқару тыныс аппараттарын шығаратын зауыт ашылды

Зауыттың ашылуына қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова қатысты. Зауыт «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында орналасқан, әкімшілік тарапынан дамып келе жатқан бизнеске барлық көмек көрсетілуде.

Жобаның әлеуметтік мәні - халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Олардың басым бөлігі – әйелдер. Мемелекет басшысы кәсіпкерліктің дамуы мен отандық тауар өндірушілерді қолдауға аса көңіл бөлетінін атап өткен жөн. Шағын және орта бизнес тұрақты азаматтық қоғамның негізі және барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты оның шарықтауына байланысты.