Елордада құтқарушылардың республикалық жарысы басталды

АСТАНА.   Қыркүйектің  18-і.  ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Жұма күні елордада    өрт сөндіру-құтқару  спорты  бойынша   республикалық жазғы спартакиада басталды.

Елордада      құтқарушылардың  республикалық жарысы  басталды

Оған  төтенше жағдайлар   жөніндегі департаменттердің  құтқарушыларынан жасақталған  және  аймақтық  іріктеулерден  өткен  командалар  қатысуда.   Олар -  Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және  Батыс Қазақстан   облыстарының командалары.   Барлығы 124    құтқарушы   қатысуда.

 «Спартакиада  «ҚР Төтенше жағдайлар  министрлігінің Өрт  сөндірушілер және құтқарушылар спорттық  федерациясының»   қамқорлығымен   өткізілуде  және     ол   Конституция  күніне арналып  отыр. Бүгінге    спорттың     жеңіл атлетика,   100, 400, 1000 метрге  жүгіру,   400 метрге  эстафета,   мини-футбол  және   өрт сөндіру-құтқару спорты       бойынша    жарыстар  жоспарланған», - деді   ҚР Төтенше жағдайлар  министрлігінің Өрт  сөндірушілер және құтқарушылар спорттық  федерациясының»   атқарушы комитетінің   директоры Николай Мыкин.

Ол  сондай-ақ,   жақында  ҚР Төтенше жағдайлар  министрлігінің   құрамасы    өрт сөндіру-құтқару спорты  бойынша   халықаралық жарыс  өткен    Уфадан оралғанын      хабарлады.   Германия,  Чехия, Венгрия, Беларус, Ресей және т.б.  елдердің, барлығы 12  елдің     өкілдері  қатысқан    ол жарыста  біздің команда    жетінші  орынды    қанағат тұтты.

Астанада спартакиада  үш  күнге созылады.  Нәтиже    қыркүйектің 20-сында  белгілі болады.