Елордада КВИ жұқтырған жүкті әйелдер босанатын жеке перзентхана ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада коронавирус жұқтырған аналар 17 нәрестені дүниеге әкелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада КВИ жұқтырған жүкті әйелдер босанатын жеке перзентхана ашылады

«Қазірге дейін қаланың инфекциялық стационарларында коронавирус жұқтырған аналар 17 нәрестені дүниеге әкелді. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында инфекцияға шалдыққан 112 жүкті әйел тіркелді. Оның ішінде стационарларда 78 жүкті әйел бар», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар, қазіргі жағдайға байланысты атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

«Қазіргі кезде жұмылдырылған стационарлар саны 10-ға жетті. Қосымша провизорлық стационарлардағы орындар саны 300-ден 705-ке дейін жеткізілді. Бүгін жұмыс күні аяқталғанға дейін бөлек перзентханыны немесе COVID-перинаталдық орталықты ашу көзделген. Яғни, осы іс қайта бейіндеу есебінен жүзеге асырылады», - деді Сәуле Қисықова.