Елордада қылмыстық деңгей қолдан бірқалыпты деңгейде ұсталып тұрды -Бас прокуратура
АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Дәстүрлі түрде жыл сайын елордада тіркелген қылмыстар 4 мың деңгейінде қолдан бірқалыпты деңгейде ұсталып тұрды.
Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Марат Ахметжанов мәлім етті.
Кеңестік кезеңнен бері келе жатқан қылмысты жасырып қалу дәстүріне тосқауыл қойылып отырғандығына тоқталған төраға, «бұл бүгінгі күннің талабына сай, мүлдем жаңа көзқарас. Осы мәселеге осылайша жаңаша келіп, жұртшылықтан келіп түскен барлық арыз-шағымдарды тіркеудің ашықтығын қамтамасыз етіп, мемлекетіміздің тарихында алғаш рет еліміздегі қылмыс деңгейін шынайы көрсетуге қол жеткізіп отырмыз»,-деді. Бұл тұрғыда, әсіресе, жүйеге жаппай енгізілген қылмысты электронды түрде тіркеу әдісі кеңінен қолданылып отыр.
Оның сөзіне қарағанда, Астанада соңғы жылдары халық саны жарты млн. адамға өскеніне қарай бұл тұрғыда қылмыстың деңгейі де артуы тиіс. Атап айтқанда, егер елорда ауысқаннан бергі уақыттан 2010 жылдың аяғына дейін Астанада халық саны үш есе артса да қылмыс деңгейі 4 мың болып бірқалыпта сақталған. Өткен жылдан бері елімізде қылмысты тіркеудің жетілдірілген жаңа әдісі пайдаланылуда. «Осыған байланысты Астанада өткен жылы 15 мыңнан астам қылмыс тіркелді. Бұл өз кезегінде үш есеге артық. Бұл нақты ахуалға сай мәліметтер».-деді М. Ахметжанов.