15:28, 07 Маусым 2014 | GMT +5
Елордада қырғыз суретшісінің жеке көрмесі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада белгілі қырғыз суретшісі Диас Үстеміровтың «Көшпендінің жаны мен қанаты» атты жеке көрмесі ашылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары маусым айының соңына дейін Д.Үстеміровтың 60 жуық еңбегі туындыларымен таныса алады. Мәдени шара «Рамада Плаза» ғимаратында орналасқан «Шежіре» галереясында өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтында. Суретші Диас Үстеміров В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық көркемсурет институтын қондырғылы көркемсурет факультеті бойынша бітірген. Бүгінде оның туындылары АҚШ, Канада, Франция, Англия, Германия, Жапония, Қытай, Түркия, Малайзия, Австралия сынды көптеген мемлекеттерде жеке коллекцияларда сақталуда. Айта кетейік, көрме 10 маусым күні сағат 18.30-да «Шежіре» галереясында ашылады.