Елордада қысқы спорттық маусым ашылды (ФОТО)

Шараға ниет білдіргеннің бәрі қатысты. Спорттық жарыс болмаса да, кейбір санаттар бойынша жеңімпаздар анықталды. Атап айтқанда, күш құрылымдарының, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, спорттық мектеп оқушыларының, кәсіпқойлардың, сондай-ақ, шаңғы әуесқойларының арасында. Бұдан басқа додада 2008 жылы туғандар мен одан кіші балалар да шеберлік байқасты. Андрей Герасименко, масс-старт жеңімпазы: - Осындай шаралар қажет. Өйткені, нақ осы шараларда мерекелік атмосфера орнайды. Адамдар шаңғы теуіп үйренеді. Басқа адамдармен қатынасады, мастерлердің өнерін тамашалайды, оларға жетуге тырысады. Мен 2-3 жасымда шаңғы тебе білгем. Балаларым да біледі. Мені спортқа баулыған әкем, соның арқасында мен де шеберлігімді балаларыма үйретуге тырысамын. Астанада қысқы спорттық маусым алғашқы бұқаралық шаңғы жарысымен ашылды. Енді әр апта сайын демалыс күндері елордалық паркте салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар мен таза ауада белсенді демалуды ұнататындар арасында шаңғы спортынан жарыстар ұйымдастырылатын болады.