17:05, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Елордада Қызылорда мен Атырау облыстарында туризм саласын дамытуға арналған жоба таныстырылды
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада «Қазақстанның туристік саясат бағыттары және Ұлы Жібек жолында туризмді дамыту тұжырымдамасы» тақырыбында семинар өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шараны ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Кореяның халықаралық қатынастар агенттігі, сондай-ақ осы елдің Мәдениет және туризм жөніндегі ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырып отыр.
Семинар барысында аталмыш корейлік институттардың сарапшылары Қазақстандағы туристік индустрияны дамытуға байланысты әзірлеген зерттеулерін таныстырмақ.
Қазіргі заманғы туризмде аймақтың және елдердің ерекшеліктері ескерілгенін жеткізген Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Евгений Никитинский, «осыған орай министрлік Атырау мен Қызылорда облыстары секілді маңызды екі өңірдің туристік мүмкіндіктерін зерттеу бойынша жобаны бастады», - деді.
Оның айтуынша, жобаны бұдан ары жетілдіру шаралары аталған аймақтардың туризмнің тұрақты дамуының бәсекеге қабілетті орталықтары болуына септігін тигізбек.