Елордада лицензиялық өнімді контрафактілік өнімнен айыру мәселесіне байланысты семинар өтеді
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - 8-9 ақпанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті лицензиялық өнімді контрафактілік өнімнен айыру мәселесі жөнінде оқу семинарын өткізеді.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.
Семинар аумақтық әділет органдарының, құқық қорғау және кеден органдарының қызметкерлері мен сот сарапшылары үшін ұйымдастырылады. Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар және осы саладағы заңнаманы сақтау нысанына тексеру шараларын жүргізудің арқасында еліміз зияткерлік меншік құқықтарын тиімсіз қамтамасыз ететін мемлекеттер тізімінен алып тасталды. Сонымен қатар, егер бұрын дыбыстау, бейнелеу өнімдері мен бағдарламалық өнімдер жасанды жасалса, қазір азық-түлік, дәрі-дәрмек, автобөлшектер және халық тұтынатын басқа да өнімдер де жасанды жасалатынын атап өту қажет. Семинар осындай өнімдердің келуі мен таралуының жолын кесуге бағытталған.