Елордадағы LRT құрылыс нысаны аумағында өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ. 

Елордадағы LRT құрылыс нысаны аумағында өрт шықты
Фото: Скрин

Қабанбай батыр даңғылы бойында, LRT құрылыс нысанында, 15 шаршы метр аумақта құрылыс қалдықтары өртенді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.

Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. 

Айта кетсек, бұған дейін елордада автокөлік иелері LRT құрылысшыларына шағымданған еді

Еске салайық, биыл күзде LRT тестілік режимде іске қосылады деп жоспарланған