13:52, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
Елордада М.Жұмабаевтың шығармашылығына арналған оқырмандар конференциясы өтті
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған оқырмандар конференциясы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мәдени шараның мақсаты ? қазақ халқының оқу-ағарту ісіндегі М.Жұмабаевтың ролін айқындау, сондай-ақ оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту. Бұл ? оқылғанды сараптай отырып, шешімдер шығаруға, бір ортаға жиналу қабілеттілігіне, оқушылардың бірлесе жұмыс жасауға деген икемділігін білуге болатын жаңа педагогикалық тәсіл. «Мирас» мектебінің мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен өткен конференция оқушылардың интуитивті ойлауына және шығармашылық дағдысын жетілдіруіне сеп болды. Кездесуде балалар М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелесіп, ой-өрісін кеңейтті.2007 жылдың қыркүйек айынан бастау алған «Бір ел ? бір кітап» акциясының мақсаты ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу, әлеуетті оқырмандарды тарту. Акцияны ұйымдастырушылар алғашқы жылы жаппай оқитын кітап ретінде Абайдың «Қара сөздерін» таңдаса, 2008 жылы қалауы М.Әуезовтің «Қилы заманына» түсті. Биыл олар поэзияны таңдап, оқушыларды халқымыздың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығымен таныстырды.