Елордада Малахов көшесі 16 қазанға дейін жабық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы кептеліс тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Елордада Малахов көшесі 16 қазанға дейін жабық болады

Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы мәлімдегендей, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Астананың Е.Дүйсенбаев көшесі мен Малахов тұйық көшесіне дейінгі аралықта жатқан Малахов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспарға сәйкес жөндеу жұмыстары 6 қазаннан 16-сына дейін жалғасатын болады.

«Осыған байланысты, осы жылдың қазан айының 6-нан 16-на дейін түнгі уақытта (23:00-ден 6:00-ге дейін) Е. Дүйсенбаев көшесі мен Малахов тұйық көшесінің аралығында жатқан Малахов көшесіндегі автокөліктердің қозғалысына ішінара шектеу қойылады», - деп жазылған басқарманың хабарламасында.