Елордада мамырдың екінші онкүндігі жаңбырлы болады
Ал жауын-шашынның айлық мөлшері климаттық норма шамасында (норма:35 мм) болжанып отыр. Елордада жаңбырлы ауа райы 13 мамырда келеді. Бұл күні көшпелі бұлт шығып, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Ауа температурасы түнде 7-12 градус жылы, күндіз + 22-27 градус, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .
14 мамырда көшпелі бұлт шығып, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел тұрады, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10 градус жылы, күндіз 20-25 градус жылы.
15 мамыр күні де осындай ауа райы болжанып отыр. Көшпелі бұлт шығады, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел тұрады, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10 градус жылы, күндіз 17-22 градус жылы.
16 мамырда қалада нөсер жауады, шығыстан қатты жел тұрады, екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, күндіз 15-20 градус жылы.
17 мамырда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы төмендейді. Түнде 0-5 градус жылы, күндіз 12-17 градус жылы.
18-20 мамыр аралығында жаңбырлы ауа райы қайталанады. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз +17 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, 9-14 м/с.
21- 24 мамыр аралығындағы кезеңде қалада жауын-шашынсыз, ауа температурасы 22 градусқа дейін ысиды.
Алайда 25 - 31 мамыр аралығында жаңбыр жауып, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 6-11 градус жылы, күндіз 20-25 градус жылы.
Елорда әкімдігі жауын-шашынға байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режімге көшіріліп, су тасқындарына қарсы шаралар жүргізілетіндігін ескертеді. Азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін қалалық 109 қызметімен бірге үш ауданда халықтан өтініштер қабылдайтын диспетчерлік қызметтер құрылады: «Алматы» ауданы 48-43-37, «Есіл» ауданы 48-43-26, «Сарыарқа» ауданы 48-43-92, төтенше жағдайлар кезінде 54-58-19,38-57-09 нөмерлерімен орталық диспетчерлік қызметке хабарласуға болады.