Елордада «Мәңгі достық» атты деректі фильмінің премьерасы өтті

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Кеше ҚР Президентінің мәдениет орталығында Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің тапсырысымен дайындалған «Мәңгі достық» атты деректі фильмінің премьерасы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Фильмнің премьерасына ҚР Парламентінің депутаттары, еліміздің көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты.Аталмыш картина қазақ және өзбек халықтарының біртұтас тарихы мен ортақ дүниелері жайында баяндайды. Фильмнің идеясы ? екі халықтың тереңге тартқан туыстық тамырын тағы бір қырынан ашқан. Фильмнің режиссері Назгүл Әбутұрапованың айтуынша, екі елдің мәдениеті мен тарихын бөлуге болмайды. «Аталмыш фильмде біздің халықтардың достық байланыстарды одан әрі нығайтуға және біріктіруге деген талпынысы көрініс тапқан. Мен картинаны көрермендердің жоғары бағалағаны үшін ризамын және оны түсіруге атсалысқан барлық азаматтарға алғысымды білдіремін», - деді режиссер.
Соңғы жаңалықтар