Елордада марафонға байланысты жолдар жабылып, автобус қозғалысы өзгереді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ертең астанада жыл сайынғы «Astana Marathon 2022» халықаралық марафонының өткізілуіне байланысты жолдар жабылып, автобус маршруттары өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада марафонға байланысты жолдар жабылып, автобус қозғалысы өзгереді

Марафон өтетін сағат 07:00 – 13:00 аралығында қала көшелерінің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Марафон екі бағыттан тұрады:

1) 18 жастан асқан қатысушылар үшін 42,2 километр қашықтық:
«ЭКСПО» аумағынан Рысқұлов – Қабанбай батыр – Ұлы Дала – Нәжімеденовке дейін, кейін Ұлы Далаға кері бұрылып, К1 – Оңтүстік және оңтүстік-батыс айналма жол – Қарқаралы – Қабанбай батыр – Хусейн бен Талал – Қабанбай батыр – Рысқұлов тасжолымен жүгіреді. Мәре сызығы - «ЭКСПО» аумағы.

2) 16 жастан асқан қатысушылар үшін 10 километр қашықтық:
«ЭКСПО» аумағынан Рысқұлов – Қабанбай батыр көшесі – «Будапешт» тұрғын үй кешені ауданында кері бұрылып, Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік ел – Рысқұлов тасжолымен жүгіреді. Мәре - «ЭКСПО» аумағы.

Сонымен қатар Астанада қала ішінде және қала маңына жүретін қоғамдық көліктің маршруты өзгереді: олар - №43, 46, 47, 51, 53, 54, 60, 70, 302, 303, 308, 309, 320, 323.

Жабылатын жолдар сызбасын мына жерден көруге болады.