Елордада мас жолаушыны ұрып-соғып, тонап кеткен қырғызстандық таксист ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада мас жолаушыны ұрып-соғып, тонап кеткен қырғызстандық такси жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
None

33 жастағы ер адам Алматы ауданының полиция бөліміне арызданып, оны такси жүргізушісі тонап кеткенін хабарлаған.

Тергеу барысында жолаушының мас күйінде қалада жүру үшін жеке тасымалдаушы жалдағаны анықталды.

Жолда келе жатып, такси салонында ол жүргізушімен жанжалдасып, оны қорлай бастаған.

Шарбақты көшесінің бойындағы жол жиегіне тоқтаған такси жүргізушісі агрессивті жолаушыны көліктен сүйреп шығарып, оны ұрып-соғып, 100 мың теңгеден астам ақшасын тартып алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері такси жүргізушісінің қайда екенін анықтады.

Ол Қырғызстанның 37 жастағы азаматы болып шықты.

Құжаттарды тексеру кезінде шетелдіктің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қырғызстан азаматы кінәсін мойындады, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтардан барынша сақ болуды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар