Елордада маса-шіркейді улау жұмыстары қалай жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мереке күндері қала қызметі маса-шіркейлерді екі есе қарқынды күшпен улау жұмыстарын жүргізді. Әсіресе қала тұрғындары мен қонақтарының ең жиі баратын жерлеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда күнінде кешкі серуенге шыққан астаналықтар мен шаһар қонақтары маса-шіркейдің кесірінен әлекке түсті. Халық әкімдік пен тиісті қызметтерге шағымданды. Алайда қаладағы қансорғыш жәндіктерді жою жұмысы бір күн де тоқтаған емес.

Қанатты қансорғыштардың шектен тыс көбейіп кетуіне ауа райы әсер еткен болатын. Әр аудан бойынша 6-8 шілде аралығында дезинсекциялық іс-шаралар өткізілді.

Есіл ауданы бойынша «Жетісу» және «Столичный» саябақтары, Есіл өзенінің жағалауындағы Амфитеатр, Астаналық цирк, «Астана» концерт залы, «Хан-шатыр» СОО аумағы, «Үркер» тұрғын алабының №2 секторы учаскесі, «Үркер» тұрғын алабының №2 учаскесі, «Барыс-Арена» спорт кешені, «Астана Опера», «Астана Балет», ЭКСПО кешенінің жазғы сахнасы, «Happylon MEGA Silk way» және «Happуlon Keruen» орындарында масадан тазарту шаралары жүргізілді. Оған 2 энтомолог, 26 дезинфектор, 3 термогенератор бригадасы, 3 автокөлік,1 микроавтобус, 1 ДУ-1000 техникасы жұмылдырылды.

Алматы ауданы бойынша Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының оң және сол жағы тазаланды. Оған 3 бригада, 3 автокөлік, 3 биолог қатысты, олар тиісті жұмысты термогенераторлар, жел генераторы және роторлық бүріккіштер арқылы жүргізетін болады.

Сарыарқа ауданы бойынша «Көктал-1» тұрғын алабының аумағы өңделді. Маса-шіркейге қарсы жұмысқа 2 термогенератор бригадасы, 3 автокөлік, 1 энтомолог және 1 ДУ-1000 техникасы жұмылдырылды. Маса-шіркейге қарсы жұмыс ауа райы жағдайына сәйкес кез келген күні жүргізіледі.

null

Соңғы жаңалықтар