Елордада масаны жою жұмыстары жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда дезинсекция және дератизация жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Қаланың аумағын өңдеу жұмыстары сәуір мен қыркүйек айларының аралығында кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

Алматы ауданында ашық және жабық стацияларды өңдеу 16 сәуірде басталды. Қызмет көрсететін ұйымдар көппәтерлі тұрғын үй қорының жертөле үй-жайларын өңдеу және шарттар жасасу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда таяз су қоймаларын өңдеудің 1-кезеңі аяқталып, 3455 гектар ашық алаң өңделді. Сары масалар көбейетін негізгі орындардың бірі арамшөп болып табылады. Ағымдағы жылы 80 гектар алқапта өсімдіктерді шабу жоспарланған. Дератизация жұмыстары 6987 жеке үйде жүргізіледі.

Байқоңыр ауданының аумағында дезинсекцияланатын ашық стациялардың алаңы 2399 гектарды құрайды. 16 сәуірде ашық және жабық алаңдарды өңдеу жұмыстары басталды. Қызмет көрсететін ұйымдар көппәтерлі тұрғын үй қорының жертөле үй-жайларын өңдеу және шарттар жасасу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 111 ПИК-тен 104 қызмет көрсету ұйымы (95%) дератизация шартын жасасты.

Есіл ауданының әкімдігі де ашық стацияларда, масалар мен шіркейлерге қарсы таяз су қоймаларын өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл ауданда барлығы 8 714,45 гектар ашық алаңда дератизация мен дезинсекция жасалуы тиіс. Ауданда дезинсекция жөнінде 63 ПИК-пен шарт жасалып, 41 ПИК өңделді. Сонымен қатар Есіл ауданында шөп шабу жұмыстары жоспарланған.

Сарыарқа ауданында 24 сәуірден 1 мамырға дейін 121,5 гектар аумақта масаның дернәсілдік нысандарынан су қоймаларын өңдеу жұмыстары жүргізілді. 8 мамырда қосымша 30 су қоймасы өңделді. Бүгінгі таңда жоспарланған 12 алаңның 3 шаршы метрі өңделді. Олардың ішінде: Жеңіс, Бөгенбай, Республика даңғылдары және Есіл өзенінің жағалауы (Бейбітшілік, Сейфуллин, Жангелдин, Омаров, Кенесары көшелері, Абай даңғылы, ескі және жаңа алаң, «Редиссон» қонақүйі, аудандық әкімдік, қалалық әкімдік және т.б); Бөгенбай, Сарыарқа даңғылдары, Сарыбұлақ бұлағы мен Есіл өзені жағалауының бойында (Абай даңғылы, Күмісбеков, Сейфуллин, Алматы, Кубрин, Жданов, Щерс, Жамбыл көшелері, гараждар және т.б); «Көктал 2» тұрғын алабы (№68 мектеп аумағы, сонымен қатар Наурыз, Құсмұрын, Мойылды, Қайнар көшелері) бар.

Соңғы жаңалықтар