Елордада медбикелер күні аталып өтуде
АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Елордада Дүниежүзілік медбике күніне орай, «Астана қаласының 2011 жылдың ең үздік медбикесі» байқауы өтуде.
Байқауға Астана қаласының барлық медициналық ұйымдарынан медбикелер қатысуда.
Медбикелер - қазіргі кезде денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Олар өздерінің күнделікті тәжірибесінде медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, медбикелік күтімді жетілдіру және денсаулық сақтау жүйесінде шығындарды төмендету бағыты бойынша айтарлықтай үлес қосуда. Осы бастамалардың көпшілігі халық денсаулығының нығаюына алып келді.
Бүгінгі таңда Дүниежүзілік медбике күні кәсіптік мерекелер қатарында беделді орын алады. Қазіргі заманғы медбикелердің міндеттері - отандық денсаулық сақтаудағы ең жақсы дәстүрлерді жоғалтпай, әлемдік тәжірибені игеру.
Салтанатты шара барысында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы медбикелерге құрмет грамоталарын, ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етті.
Медбикелердің халықаралық күні Қырым соғысы кезінде (1853-1856) әлемдегі алғашқы ізгілік бикелерінің қызметін ұйымдастырған ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туған күніне орай, 1971 жылдан бері атап өтіледі.
Әр екі жыл сайын Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы ең үздік медбикелерге Флоренс Найтингейл атындағы 50 медальды тапсырады.