Елордада медициналық масканы қайдан сатып алуға болады

Әйтсе де дәріханалар әр адамға бес маскадан сатып жатыр. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес медициналық маскаларды Саламат Z, Иммуно плюс, Старый лекарь, UDM - КЗ, Феникс, Базикова, Частная Аптека 99, Фармаком, Гиппократ МФК Астана, Жәрдем компания, Астана Оник, Алсун Астана, Aidamed, Максима фарм, Исакова А.А, Оркен фарм, Стофарм, Еврофарма дәріханалар желісінен табуға болады.
«Ең басты міндет – ірі желілерді маскалармен және антисептиктермен қамтамасыз ету. 16 наурыз күні маскалардың кезекті партиясы – 350 мың даансы жеткізілді. Сонымен қатар антисептиктер де әкелінді. Бұл жұмысты «Фармация» ӘК-мен бірге жүргіземіз. Өкінішке қарай нарықтағы сұранысты пайдаланып, кейбіреулер бағаны көтере бастады. Қазір бірлікте жұмылған жұмысты көрсете білуіміз керек. Тек ынтымақта ғана осы кеселді жеңе аламыз», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріханалар желісінің өкілдері мен дистрибьютермен кездескен кезде.
Айта кетсек осыдан екі күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исаков елордадағы маска тапшылығы туралы айтып берген болатын.