10:43, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Елордада мектеп ғимаратына бомба қойылғандығы туралы анонимді хабар түсті
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Кеше күндіз Астанада «02» пультына №7 орта мектептің ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мектеп ғимаратынан 1 000 адам көшірілді. Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.