Елордада мектеп оқушысының өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада мектеп оқушысының өліміне байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада мектеп оқушысының өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды

Астана қалалық ІІД ақпаратына сәйкес,  14 жастағы баланың зорлық-зомбылық белгісі жоқ мүрдесі 30 қараша күні сағат 13.00-де №59 мектептің оқу сыныбында табылған.

«Полиция қызметкерлері №59 мектептің оқу сыныбында табылған 2002 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған жасөспірімнің өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қолышбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада мектеп оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.