Елордада мектепке дейінгі білім беретін мамандардың 35% салалық білімі жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласында мектепке дейінгі білім беретін мамандардың 35 пайызының салалық білімі жоқ. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Елордада 2025 жылға дейін тағы 7,5 мың педагог кадр қажет. Себебі жайлы мектептер салынады, зейнетке шығатындар бар және екі ауысымда жұмыс істейтін мұғалімдерді азайту керек. Биыл қала әкімдігі педагогика мамандығы бойынша 1000 грант бөлді. Өкінішке қарай, бізде мектепке дейінгі білім беру саласында кадр тапшылығы бар. Мамандардың 35 пайызы профильді білімсіз жұмыс істейді», - деді Қасымхан Сенғазиев қалалық мәслихаттың отырысында.

Осы орайда басқарма басшысы кадр даярлау мәселесінің күн тәртібінде екенін тілге тиек етті.

Бұған дейін Қасымхан Сенғазиев елордада 2025 жылға дейін 20 жайлы мектеп салынатындығын хабарлаған еді.

Оның айтуынша, 90 мың орындық жайлы мектепті салу 2023 жылы басталады.

Сондай-ақ, мәслихат отырысында Астанада жайлы мектептер салу мәселесі көтерілді.


Соңғы жаңалықтар