Елордада «Мектептегі көшбасшылық және басқару 2012» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - 15 қарашада елордадағы  Оқушылар сарайында ҚР Білім және ғылым  министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен
None
None

«Мектептегі көшбасшылық және басқару 2012» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ашылады. Шараны «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырып отыр.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» әлемдік алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеріп, оны жалпы білім беру мекемелеріне таратуға бағытталған. Біз  білім беру бағдарламаларын дайындау, оқушылардың функционалды сауатын қалыптастыру, тәрбие жұмыстары жүйесін құру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, үштілділікті мектептерге енгізу және өзге де бағыттар бойынша белсенді түрде жұмыс істеудеміз. Бұл жерде Елбасының тапсырмаларын, әлемдік білім беру процесі саласындағы соңғы үрдістерді басшылыққа алып, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдердегі жағдайларды және ЮНЕСКО-ның бағдарламалық құжаттарын бақылап отырамыз», - делінген білім ордасының баспасөз хабарламасында

Көшбасшылық тақырыбы қазіргі заманғы мектептерде күн өткен сайын маңызды бола түсуде. Кәсіби педагогикалық қауымдастықты қалыптастыруда менеджмент пен басқару маңызды рөл атқарады. Конференция осы мәселені тұңғыш рет талқылайтын орын болмақ.

Халықаралық  конференция екі күнге созылып, 300 ден астам қатысушының басын қосады. Бағдарлама жалпы отырыс, секциялар бойынша жұмыс пен панелдік пікірсайыс түріндегі төрт  бағытқа бөлінген. Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Бельгия, Эстония, Финляндия, Жапония, Үндістан, Филиппин және басқа да елдерден келген топ-менеджерлер, білім саласының заң шығарушылары, сарапшылар, зерттеушілер жаңа тенденциялар мен реформалар жайында сөз етеді. Білім форумы пайдалы ақпараттардың, креативті идеялардың, бағалы тәжірибе мен кең байланыстардың қайнары болмақ.

Соңғы жаңалықтар