Елордада мембағдарлама аясында екі тұрғын үй пайдалануға беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының хабарлауынша, Мебағдарлама аясында барлығы 12 мыңнан аса азамат тұрғын үй алу құқығын алды. Олардың ішінен бір ғана 2008-2010 жылдарға арналған Мембағдарлама бойынша - 8 мың адам. Қазіргі уақытқа дейін 1 980 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген болатын, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Елордада мембағдарлама аясында екі тұрғын үй пайдалануға беріледі

Мембағдарламаның екінші кезеңі шеңберінде қатысушылар арасында тұрғын үйді үлестіру жинаған балдарға сәйкес жүргізіледі (көп балдан аз балл бойынша). Үстіміздегі жылдың наурыз айында көп балл жинаған Мембағдарлама қатысушыларына төлем қабілеттілігін бағалау үшін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жолдама берілген болатын. Қазіргі кезде коммуналдық меншікке Сарыбұлақ арнасы бойында Н. Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан 608 пәтерлік екі тұрғын үй тапсырылды, 5, 18 лоттар. 1 шілде күні Астана қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының отырысы өтті, оның нәтижесі бойынша көрсетілген пәтер санын үлестіру жүргізілген. Қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік орган - «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» ММ пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасау бойынша жұмыс басталды. Сонымен қатар қазіргі уақытта Мембағдарлама бойынша екінші объекті Сарайшық көшесі бойындағы 1056 пәтерге тұрғын үй кешенін тіркеу рәсімі жүзеге асырылуда. Коммуналдық меншікке объектіні ресімдеу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Мембағдарлама қатысушылары арасында пәтерлерді үлестіру жүргізілетін болады.