Елордада мемлекеттік қызметкерлер спартакиадасы өтуде

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Астанада мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасында жыл сайын өтетін Спартакиада басталды. Бұл туралы Елорданың ресми сайты хабарлады.

Елордада мемлекеттік қызметкерлер спартакиадасы өтуде

Жарысқа Астана қаласының аудан әкімдіктері, Департамент пен Басқарма қызметкерлері спорттың 8 түрінен қатысады. Атап айтар болсақ, шаңғы, шахмат, шағын футбол, үстел теннисі, эстафета, арқан тарту және бильярд. Спартакиаданың алғашқы күні шаңғы жарысынан басталды.

Аталған шараны өткізудің басты мақсаты - бұқаралық спорт түрлерін насихаттап, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Жарыстың алғашқы күні 1-ші орынды Кучин, Щекотихин, Тониченко, Баранник сынды мемлекеттік және күштік құрылым қызметкерлері иеленді. Спартакиада 23 ақпаннан 4 мамырға дейін жалғасын табады.