Елордада мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өтті

«Меніңше, мемлекеттік рәміздер - бүгінгі таңда Қазақстан қол жеткізген жетістіктерді насихаттауға және үгіттеуге арналған өте қуатты платформа. Бұл бірігудің, Отанымызға, елімізге, республикамызға деген ең жақсы сезімдерді аккумуляциялау тұғырнамасы. Астанада мемлекеттік рәміздерді пайдалану жағдайы әрқашан да назарда - бұл өзекті мәселе. Бүгінде еліміз үлкен жоспарлар құрып отыр, сондықтан мемлекеттік рәміздерді пайдалану аса маңызды болып табылады», - деді Астана әкімінің орынбасары отырыс барысында.
Кездесуге қатысқан қалалық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің өкілдері мемлекеттік рәміздердің жағдайы мен оларды пайдалануды тексеру жұмыстарының кестесін талқылады. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар барысында мемлекеттік рәміздер белсенді түрде насихатталатын болады.
«Қазіргі кезде қала бойынша мемлекеттік рәміздерді сапалы пайдалануды жүйелендіру бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Барлық басшылар бұзушылықтарды түзету үшін ақпаратты Астанада жұмыс істейтін, қызмет ететін құрылымдық бөлімшелерге, кәсіпорындарға, мекемелерге жеткізуі керек», - деп тапсырды Е. Аманшаев.
Комиссияның келесі отырысы маусым айының соңында өтеді, онда жүргізілген жұмыстардың қорытындысы талқыланбақ.