Елордада «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты семинар өтті

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты семинар болып өтті.
None
None

Бұл шара аталған министрліктің 2011 жылғы екінші жартыжылдыққа арналған жоспарына орай жүзеге асырылды.

Семинардың басты мақсаты - министрлікте мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сапасын арттыру. Оған комитеттердің, департаменттер мен басқармалардың бастықтары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың жай-күйі және мемлекеттік тілді оқыту курсы туралы мәселелер қаралды.

Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Бәтес Әміржанова баяндама жасады. Ол Қазақстан халықтары тілдері күнімен құттықтай келіп, жартыжылдықтағы басқарманың атқарған жұмыстары жайлы, мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың жай-күйі туралы баяндап берді. Сонымен қатар мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сапасын арттыру жолдарына тоқталды.

Семинар қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сапасына басқарма бастықтарының тікелей жауапкершілігін күшейту, мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сапасын арттыру мақсатында тіл үйренуге бағытталған дискілерді министрліктің жалпы сайтына үнемі орналастырып отыру және басқа да мәселелер қамтылды.

Соңғы жаңалықтар