Елордада Мемлекеттік туды көтеру салтанаты рәсімі өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада Мемлекеттік туды көтеру салтанаты рәсімі өтті

Мемлекеттік туды көтеру рәсімінің видеосы ҚР Президенті Телерадиокешенінің Instagram-парақшасында жарияланды.

Салтанатты рәсімде сапқа тізілген әскери қызметшілер Әнұранды орындады.

Айта кетсек, қазақстандықтар бүгін ұлтымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнін атап өтуде . Бір облыста автокөліктердің шеруі ұйымдастырылса, басқа өңірлерде отандастарымыз Туды балконға іліп, жаңа челлендж бастады.