19:05, 17 Қазан 2012 | GMT +5
Елордада мемлекеттік-жеке әріптестік тетігі арқылы еліміздің су секторын дамыту мәселесі талқыланады
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Ертең елордадағы Бейжің сарайында «Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» АҚ мен Global Green Growth Institute бірлесіп, «Қазақстандағы су секторына реформа жүргізу» тақырыбында семинар өткізеді.
Бұл шара Қазақстанның үздіксіз экономикалық өсімін қолдау және экологиялық тұрақтылығын арттыру, сонымен қатар мемлекеттік-жеке әріптестік тетігі арқылы су секторын дамыту мақсатында ұйымдастырылады.
Семинарға орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ бизнес қоғамдастықтардың өкілдері қатысады.